Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
12-02-2024 12:30
7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың  қалалық кезеңінің  қорытындысы

2024 жылғы 7-8 ақпанда № 7 және № 11 мектеп базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

        Олимпиада екі бағыт бойынша өтті: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.

        Олимпиаданың негізгі мақсаты- жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

       Олимпиадаға  барлығы 7 -8 сыныптың  792 оқушысы қатысты. 11 пән бойынша 30 тест тапсырмасы беріледі, «информатика» пәні бойынша тапсырмалар компьютерлерде орындалды.

       Олимпиада  қорытындысы бойынша:  І орын  - 28 оқушы;  ІІ орын - 113 , ІІІ орын - 240.

      Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу құқығын алады.

      Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.