Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодарлық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз білімдерін тексерді
13-02-2024 17:55
Павлодарлық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз білімдерін тексерді

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  2024 жылғы 9 ақпанда Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін  өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – қазақ тілін, классикалық әдебиетті үйренумен айналысатын оқушыларды қолдау.

Олимпиада екі турда өтті: 1 тур – жазбаша – эссе, 2 тур – ауызша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білуі бойынша.

Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне қаланың мемлекеттік тілде оқытатын 25 жалпы білім беретін мектебінен 9-11 сыныптың 50 оқушысы қатысты.

Іс - шара қорытындысы бойынша оқушылар 26 жүлделі орынға ие болды: І дәрежелі дипломдармен – 4 оқушы, ІІ - 9, ІІІ - 13.

Олимпиада жеңімпаздары ақпан айының екінші онкүндігінде Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы оқуда сәттілік тілейміз!