Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Орыс тілі мен әдебиеті бойынша "Брейн – ринг" үздік ойыншылары
29-02-2024 18:07
Орыс тілі мен әдебиеті бойынша

           Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың   дарындылығын  дамыту орталығымен  2024 жылғы 29 ақпанда 7-8 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Брейн - ринг" зияткерлік ойыны  өткізілді.

             Ойынның мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, орыс тіліне деген қызығушылықты дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту. "Брейн-ринг" ойынына қаланың 29 мектебінен 58 оқушы қатысты.

           Зияткерлік ойын екі кезеңде өтті: I кезең-орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша тест тапсырмаларын жеке орындау, II кезең - "Брейн-ринг" командалық ойыны. Ойын қорытындысы бойынша 5 команда жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын -4, II орын - 4, III орын – 2 оқушы.

           І орынды Ш.Шөкин атындағы гимназия –мектебінің  оқушылары  Медведева  Алина, Әжібаева Агния және № 26 ЖОББМ командасы Алимбаева Камила, Лузик Виктория иеленді.

           ІІ орынды № 17 ЖОББМ командасы Бақтжанова Аяла, Семенов Александр, № 21 ЖОББМ командасы Кусаинова Милана, Кабаева Анна иеленді.

           III орынға А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушылары Халитов Кәрім, Ахмадиев Рауль ие болды . 

           Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға  "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттары берілді.