Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Малайсары батырға арналған қалалық ұлттық ойындар жарысының қорытындысы
01-03-2024 11:16
 Малайсары батырға арналған  қалалық ұлттық ойындар жарысының қорытындысы

      2024 жылғы 29 ақпанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы мен Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебі бірлесіп Малайсары батырға арналған  қалалық ұлттық ойындар жарысын  өткізді.

            Жарыстың  негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындарды насихаттау, оқушылар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға баулу, эстетикалық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

            Жарысқа Павлодар қаласының  №2,  6,  7,  14, 17,  18,  24, 29, 30, 35, 38, 39, 40, 41, 43, 46, Малайсары батыр, К.Макпалеев, Ш.Шөкин, К. Бекқожин, М.Әлімбаев, Ә.Бөкейхан, М.Жүсіп, Б.Момышұлы, Р.Нұртазина, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы, Жетекші жалпы білім беру мектептептерінен 80 оқушы қатысты.         

            Жарыс 3 бағыт бойынша өтті  «Асық ату», «Ләңгі», «Серке тарту»

            «Асық ату» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен № 43 мектебінің  4 сынып оқушысы Сакибджан Біржан; ІІ дәрежелі дипломмен № 40 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Нұрбергенұлы Бақдәулет және 17 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Мадеткаримов Алихан; ІІІ дәрежелі дипломды Қ.Бекқожин атындағы ЖОББМ 3 сынып оқушысы Рақымберді Расул, № 6 ЖОББМ 2 сынып оқушысы Қрықбай Асанали және №35 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Апсамат Бекарыс иеленді.

          «Ләңгі»  – бағыты  бойынша I дәрежелі дипломмен Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ 6 сынып оқушысы Тлектес Санжар; II дәрежелі дипломмен № 41 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Погрепцов Ярослав; III дәрежелі дипломмен М.Жүсіп атындағы  8 сынып оқушысы Бисенбай Ералы және 24  ЖОББМ 8 сынып оқушысы Лемешинский Артем марапатталды.

          «Серке тарту» – бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен № 17 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Идрисов Кайрат; II дәрежелі дипломмен№ 24 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Тюменев Даниил және Жетекші ЖОББМ 9 сынып оқушысы Деринг Альберт; III дәрежелі дипломмен Қ.Бекқожин атындағы 10 сынып оқушысы  Уалит Шыңғыс,  Ә.Бөкейхан ЛМ 10 сынып оқушысы Ағынтай Сұлтан марапатталды.

       Командалық есепте: I дәрежелі дипломмен - 17 ЖОББМ; ІІ дәрежелі - К.Бекқожин атындағы  ЖОББМ; ІІІ дәрежелі - № 24  ЖОББМ, Ж.Тәшенев атындағы мектептер ие болды.

    Сонымен қатар, ұлтттық ойынға команда дайындағаны үшін №17 ЖОББМ, Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ,  № 24  ЖОББМ бапкерлері  марапатталды.

   І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды және «Павлодар дарыны» БУҚБДДО сертификаттары берілді.