Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарлық оқушы экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңінің қатысушысы атанды
15-03-2024 13:29
Павлодарлық оқушы экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңінің  қатысушысы атанды

      2024 жылдың 6 наурызында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған экономика және қаржы пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Оған республика бойынша 909 оқушы, сонымен қатар  Павлодар қаласының мектептерінен 15 оқушы қатысты.

      Олимпиаданың негізгі мақсаты – ғылым ретінде экономика негіздерін оқуға қызығушылық танытатын ең қабілетті студенттерді анықтау, қолдау және дамыту. Олимпиада ағылшын тілінде өтті.

Барлық республика  мектептерінің  87оқушысы екінші (облыстық) кезеңге қатысу құқығына ие болды. Павлодар облысының атынан небәрі екі оқушы бар, оның ішінде №29 орта мектептің 9-сынып оқушысы Никита Трусов.

Облыстық кезең 2024 жылдың 3 сәуірінде өтеді. Олимпиаданың облыстық кезеңінде Никитаға сәттілік пен жеңіс тілейміз!