Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы
18-03-2024 10:26
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы

2024 жылғы 15 наурызда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.

Жыл сайын мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында өткізеді.

Олимпиада 5 бағыт бойынша өтті: «Бейнелеушілер» - комикстар жанрындағы қазақ әдебиетінің туындыларын салу; «Білгірлер бәйгесі» - мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер жанрын білу; «Жас қаламгер» - шығармашылық мүмкіндіктерді бағалау; «Сөз шеберлері» - сахнада шешендік қабілеттерін көрсету; «Әнші – бұлбұлдар» әннің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындау.

Олимпиадаға қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сыныптың 140  оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 85 жүлдегер анықталды: І дәрежелі дипломмен - 9, ІІ дәрежелі дипломмен - 30, ІІІ дәрежелі дипломмен - 46.

Олимпиада жеңімпаздары 19 наурызда «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы олимпиадада сәттілік тілейміз!