Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар бүлдіршіндерінің жеңісі
26-03-2024 19:04
Павлодар бүлдіршіндерінің жеңісі

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен ағымдағы жылдың 26 наурызында Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде мектепке дейінгі мекемелердің дайындық топтарының балаларына арналған «Жауқазын» облыстық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі, дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балаларды айқындау және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиадаға 72 мектепке дейінгі ұйымдардан және жалпы білім беретін мектептердің 7 мектепалды даярлық тобынан (сыныптарынан) 142 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 73 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 4, ІІ орын - 36, ІІІ орын - 33.

Қалған қатысушылардың жетістіктері «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинацияларымен марапатталды.

І,ІІ орын иегерлері 2024 жылдың 4 сәуірінде «Жауқазын» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.