Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі және әдебиеті білгірлері
15-04-2024 13:58
Қазақ тілі және әдебиеті білгірлері

       «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде 2024 жылдың 12 сәуірінде Қанипа Бітібаева атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

        Олимпиадаға облыстың мамандандырылған мектептері мен жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптың 40 оқушысы, оның ішінде А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің, Ж.Тәшенев атындағы №2, 29 жалпы білім беретін мектептердің  5 оқушысы қатысты.

       Олимпиада екі турда өтті: жазбаша - эссе және ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білу.

       Олимпиада қорытындысы бойынша № 2 мектептің 11 сынып оқушысы Дүйсембаева Томирис І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен №29 мектептің 11 сынып оқушысы Қайыргелді Нәзерке және А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Солтанмұрат Аяулым марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломдармен Ж. Тәшенев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Манай Фатима және №2 мектептің 9 сынып оқушысы Сағит Амина марапатталды.

         Олимпиаданың ережесіне сәйкес Дүйсембаева Томирис 2024 жылдың мамыр айында республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.