Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары
18-04-2024 18:39
«Мәшһүр Жүсіп  оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары

2024 жылғы 18 сәуірде «Мәшһүр Жүсіп  оқулары»  республикалық байқауының облыстық кезеңіне Павлодар қаласының № 33 (2),  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және Мәшһүр Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары, қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Мақсаты – қазақ жазушыларының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ классикалық әдебиетін зерттеуге қызығушылықты арттыру.

Оқу төрт бағыт бойынша өтті: «Алдыма өлен жаз деп. қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - қатысушылар өз өлеңдерін, «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» - ғылыми жобаларды қорғау, «Білімді зерек адам болам!», Қара өзіңді басқаның айнасымен» - эссе жазу, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» - ғалымның фольклорлық шығармаларындағы халықтың ұлы тұлғаларын суреттеу.

Оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мектептерінен 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

«Алдыма өлен жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»бағыты бойынша ІІорынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің                  10 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»екінші бағыты бойынша № 33 мектептің 11 сынып оқушысы Оразбек ДарияІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Мәшүр - Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері»бағыты бойыншаІІ орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Орал Гульдениеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.