Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Макеттердің жас өнертапқыштары
15-05-2024 19:31
Макеттердің жас өнертапқыштары

Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 15 мамырда 7-8 сынып оқушылары арасында жас өнертапқыштардың макеттері байқауы  өткізілді. Макеттерді  қорғау  білім алушыларды  ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.

        Байқауға Павлодар қаласының 38 мектебінен 114 оқушы қатысты.

        Байқау қорытындысы бойынша 81 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын -21, II орын -27, III орын - 33 оқушы

        І дәрежелі дипломмен № 2, 14, 18,  21, 41,  А. Шамкенов атындағы, Р. Нұртазина атындағы мектеп оқушылары марапатталды.

        ІІ дәрежелі дипломмен Ш. Шөкин, М. Жүсіп, Ж. Тәшенев атындағы № 7, 11, 26, 29, 35 мектеп оқушылары марапатталды.

        ІІІ дәрежелі дипломмен № 5, 6, 24, 31, 40,43, 46, К.Мақпалеев, К.Бекқожин, А. Байтұрсынұлы атындағы, Жетекші мектебінің  оқушылары марапатталды Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға  "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді.