Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҮЛКЕН САХНАҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
29-04-2016 02:58
ҮЛКЕН САХНАҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БАЛАУСА-2016» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен» жыл сайынғы өткізілетін «Балауса-2016»қалалық мектеп фестивалінің «Хореография» номинация байқауымен аяқталды.Кезекті ертеден келе жатқан балалар шығармашылығы байқауы қаланың ең талантты оқушыларын біріктіреді. Биылғы жылы фестивальтөрт номинацияда өткізілді – «Жүргізуші», «Көркем оқу», «Вокал», «Хореография». Ұйымдастырукомитетімен қаланың барлық мектептері мен мектептен тыс мекемелерінен қатысуға екі жүз тапсырмалар қабылданды, екі мыңнан астам оқушылар оның ішінде 2016 жылдың төрт жанрының 93 фестиваль лауреаты. Жылдан жылға оның қатысушылар саны ғана емес,олардың шеберлік деңгейі де өсуде. Әділ қазылар құрамына кәсіби вокалистер, музыканттар, хореографтар,актерлер, қаланың мәдени-бос уақытын қамту орталығының, музыкалық мектеп, педагогикалық колледж мұғалімдері енді, жыл сайын қатысушыларды бағалау қиындауда-әрқайсысының орындауы керемет ерекше стилмен ерекшеленеді. Қорытындысы мамыр айында дәстүрлі гала-концертте жасалады. Ең жақсы қатысушылар лауреат дипломымен белгіленеді.Барлық жанрда лауреат саны және 100% қатысуымен анықталған фестивалдің абсолюттік жеңімпазы ең жақсы мектеп –қатысушысы анықталады. «Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады, таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды. «Балауса» фестивалінің басты ерекшелігі, осының арқасында бастаушы талапкерлер үлкен сахнаға алғашқы қадам жасайды.