Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отбасы жетістігі
17-04-2017 03:49
Отбасы жетістігі


             Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «ЭКСПО - 2017» арналған «Менің отбасымның тарихы» сайысы өткізілді.Сайысқа № 1, 9, 28, 29, 36, 37, 39 мектептердің ата-аналары,53 оқушы құрамында 8 отбасы қатысты.
Сайыс шарты бойынша отбасы «Поддержка, радость для меня - Моя сплоченная семья» визит картасы ұсынылды,мұнда отбасы мүшелері өздерінің немен айналысатыны және жетістіктері туралы айтты.«Менің отбасым» фотобайқауында кіші –эссе сүйемелдеуімен қызықты отбасының фото суреттері таңдалып көрсетілді.«Творите добро на всей Земле» үй тапсырмасы шығармашылық байқау.
Әділ қазылар құрамына «Нұр Отан», «Жас Отан» ЖҚ Павлодар жастар филиалының, № 5, 13, 16, 36, 37, 40 ЖОМ Әкелер кеңесінің өкілдері шақырылды.Сайыс қорытындысы бойынша Акарчай отбасына гран –при берілді(ЖОМ № 1), I орын Чернышев отбасы, II орын Цариков отбасы (ЖОМ№ 39, III орын – Туркбен отбасы (ЖОМ№ 36).
«Самая смелая » номинациясы - Мағзумов отбасы (ЖОМ№ 37), «Самая дружная » - Амосов отбасы (ЖОМ № 9), «Семейная традиция » - Бескенов отбасы (ЖОМ№ 29), «Самая активная» - Кайданов отбасы (ЖОМ№ 28).
Гран –при алған Акарчай отбасынан әкесі,шешесі,ұлы Теоман, 13 жас, ұлы Амир 2 жас,әжесі Елена Васильевна қатысты.Олар өлең айтты,би биледі,спортпен,суретпен,шахматпен және әртүрлі категориядағы балалар үшін мерекелер өткізетіндері туралы айтты.
Бірінші орын алған Чернышев отбасы-бұл әке,шеше,қызы Юлия, 9 жас,ұлы Владислав, 11жас.Бұл отбасы өздерінің ажарлы ашық слайд бағдарласымен ерекшеленді.
Екінші орын Цариков отбасы- шешесі,әкесі,ұлы Максим, 10 жас,қызы Дарья 3 жас. Олар қоғамдық негізде қайырымдылық концертті өткізуге бастаушылар.
Үшінші орында Туркбен отбасы –әкесі,шешесі,қызы Сабина 12 жас және Амина 8 жас.Бұл отбасы үшін басты басымдылық ғылыми жобалармен жұмыс,химиялық тәжірибелер өткізу,сонысымен көрермендер мен әділ қазыларды таңқалдыру болып табылады.
Жеңімпаздар құрметті грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.
Мереке өте сирек кездесетін отшашумен аяқталды.