Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Биология пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы
26-09-2017 11:11
Биология пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы

  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасын білім беруді дамытуды жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылы 26 қыркүйекте экологиялық бағыттағы №36 ЖОМ негізінде 7-8 сынып оқушылары үшін биология бойынша бірінші ауызша олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.
    Олимпиада мақсаты - Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларынан биология бойынша олимпиядалық резерв мектебін құру және қалалық деңгей олимпиадасына оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру.
Олимпиадаға қаланың 10 мектебінен 20 оқушы қатысты.
   Балаларға жоғарғы деңгейдегі тереңдетілген тапсырмалар ұсынылды. Ұсынылған тапсырмалар бойынша өз жауаптарына олимпиада қатысушылары әділ қазылар мүшелеріне ауызша баяндады.
      І орын № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Базарбаева Дильназ алды.
      ІІ орын – № 16 ЖОМ 8 сынып оқушылары Пахомова Ярослава, Абитова Дарина.
      ІІІ орын – № 1 ЖОМ 7 сынып Зюркалова Милана, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Коригова Диана, № 9 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нечай Алена, № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Рахимжан Айжас.
   Барлық олимпиада қатысушыларына «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары тапсырылды.
     Қыркүйек айында өтетін биология бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасына, ең жоғары ұпай алған оқушылар қатысады.