Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ақберен» қалалық байқауы өтті.
13-12-2017 11:49
 «Ақберен» қалалық байқауы өтті.

 

 13 желтоқсан 2017 жылы «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» облыстық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
          Байқаудың мақсаты – жас дарындар арасынан гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, талантты, жан-жақты өнерлі балаларды табу, кәсіби бағдар беру. Сонымен қатар, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.
 «Ақберен» байқауы 6 номинация бойынша өткізілді:шешендік өнер, көркемсөз оқу (поэзия, проза драма), шығарма (2 сағаттық еркін тақырыпта), ұлттық аспапта ойнау( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.), ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы.
Барлық бағыт бойынша оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, төменде аты аталған оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
«Шешендік өнер» номинациясы бойынша ІІІ орын иегерлері №35 мектеп оқушысы Шаймолда Ұлжан, № 22 мектеп оқушысы Мақсұт Ерзада, №37 мектеп оқушысы Елеусізова Алуа. ІІ орын иегерлері №12 мектеп оқушысы Болат Аяулым, №37 мектеп оқушысы Қуанышбекова Ділназ. І орын иегері № 20 мектеп-оқушысы Әлімхан Ботагөз.
«Көркем сөз өнері» номинациясында ІІІ орынға №37 мектеп оқушысы Қасымхан Алуа, №21 мектеп оқушысы Жұмабекова Джамила, №20 мектеп-лицейінің оқушысы Садыкова Асия иеленді. ІІ орынды №37 мектеп оқушысы Қожайбердиева Ферхан, №22 мектеп оқушысы Асқарұлы Алмат өзара бөлісті. І орын жүлдесіне №17 мектеп оқушысы Ғалымжан Айбек ие болды.
«Ақындар мүшайрасы» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері №12 мектеп оқушысы Саябеков Бауыржан, ІІ орын иегері № 20 мектеп –лицейнің оқушысы Ақан Жұрағат, І орын иегері №7 мектеп оқушысы Байдюсен Тоғжан.
«Шығарма жазу» номинациясы бойынша ІІІ орын №7 мектеп оқушысы Толеуова Айым, №22 мектеп оқушысы Касимова Анель, №11 мектеп оқушысы Бәкібай Әмина. ІІ орын №37 мектеп оқушысы Қайдар Саяжан, №20 мектеп-лицейінің оқушысы Искак Камила. І орын №12 мектеп оқушысы Әубәкір Асылжан.
«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша ІІ орынды №29 мектеп оқушысы Байтемиров Темирлан, №20 мектеп-лицейінің оқушысы Тулегенов Алишер өзара бөлісті. І орын жүлдегері Кәрібай Нұрбек.
«Ұлттық асапапта ойнау» номинациясы бойынша ІІІ орын №12 мектеп оқушысы Такиев Ерасыл, №22 мектеп оқушысы Урман Мөлдір. ІІ орын №20 мектеп- лицейінің оқушысы Қаратай Нұрбол, №25 мектеп оқушысы Самат Зарина. І орын №22 мектеп оқушысы Жеңіс Сая.
І орын иегерлері облыстық кезеңде Павлодар қаласының намысын қорғауға жодама алды.