Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің роботым» робототехника бойынша I қалалық олимпиада.
30-01-2018 15:04
«Менің роботым» робототехника бойынша I қалалық олимпиада.

    Оқушылардың бағдарланған робот дағдыларын жетілдіру мақсатында «Менің роботым» робототехника бойынша I қалалық олимпиада № 25 ЖОМ 2018 жылы 30 қаңтарда алғаш рет өткізілді.

     Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 57 командадан екі жас тобынан 108 оқушы қатысты. Олимпиада қатысушыларының көбі робототехника бойынша мектеп үйірмелеріне қатысады.

   Жарыс талабына сәйкес барлық қатысушылардың роботтары техникалық сараптамадан өтті.

      37 командадан 5 - 8- сыныптың мектеп командасы ЛЕГО Мindstоrm конструктор негізінде орындалған, автономды роботтарды дайындағаннан кейін, «РОБОСУМО» жарысына қатысты. Жекпе –жек ара қашықтығына қарамастан қарсыласын алаң сыртына тиімді шығарып тастаған робот жеңімпаз аталады .

  20 командадан 9 – 10-сынып оқушылары роботты бағдарламалап және жинағаннан кейін «Гонки по линии» жарысына қатысты. Жарыстың бір шарты аз уақытта ара қашықтықтың қара жолағы бойынша қозғалып, бір шама ұпай жинау.

   Олимпиада қорытындысы бойынша төрешілер комиссиясымен жеңімпаздар анықталды.

     5-8 сынып оқушылары арасында: І дәрежелі дипломымен № 22 ЖОББМ 7 сынып оқушылары Базарханов Санжар, Егеубай Смайыл; ІІ дәрежелі дипломымен № 13 ЖОББМ 7 сынып оқушылары Лебедева Влада, Боленко Данил; ІІІ дәрежелі дипломымен № 34 мектебінің 6 сынып оқушылары Абишев Нариман, Юревич Семен марапатталды.

       9 – 10-сынып оқушылар арасында жүлделі орындар келесі түрде анықталды:  І дәрежелі дипломымен № 28 мектебінің 9 сынып оқушысы Михаил Поморзин; ІІ дәрежелі дипломымен № 39 мектебінің 10 сынып оқушылары Алишер Байбатчинов, Данил Черкасов; ІІІ дәрежелі дипломымен № 9мектеп –гимназиясының 9 сынып оқушылары Дарья Щербакова, Виктория Филяева марапатталды.

    Олимпиаданы өткізуге және ұйымдастыруға жоғары деңгейде білікті көмек көрсеткен және маңызды үлес қосқан техникалық комиссия төрешілер мүшелері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.