Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жарқын болашақ»
31-01-2018 09:55
«Жарқын болашақ»

    31 қаңтарда 2018 жылы «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.

      Байқаудың мақсаты – дарынды балалармен жұмыс жасау сапасын жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру. Сонымен қатар, өздігінен білім алу және ол білімді күнделікті өмірде қолдану, шығармашылық қабілеті бар терең білімді дарынды балаларды анықтау мен мадақтау.
    «Жарқын болашақ» байқауы 5 номинация бойынша «Тiлшi-әдебиетшiлер», «Әншi-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлерi» және «Жазушылар» сынды байқаулар бойынша оқушылар мәнерлеп өлең оқудан, шығарма жазудан, ән салудан, ғылыми жұмыс қорғаудан бәсекеге түсiп, бақ сынасты.
      Барлық бағыт бойынша оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, төменде аты аталған оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
     «Тiлшi-әдебиетшiлер» номинациясы бойынша орыс тобында 3 орын иегерлері №  23 мектеп оқушысы Сапаргалиева Риза, № 17 мектеп оқушысы Нуруллаев Илья, 2 орын иегерлері № 34 мектеп оқушысы Терехина Виолетта, 1 орын иегерлері № 18 мектеп оқушысы Батрачина Аделия.
      «Тiлшi-әдебиетшiлер» номинациясы бойынша қазақ тобында 3 орын иегерлері № 17 мектеп оқушысы Абрахман Дияр, №38 мектеп оқушысы Айтбаева Томирис, №20 мектеп –лицей оқушысы Олжабаева Анель, 2 орын иегері №22 мектеп оқушысы Мақсұт Ерзада, 1 орын иегері Кенжеколь мектебінің оқушысы Альгужинова Альмира.
     «Әншi-бұлбұлдар» номинациясы бойынша қазақ тобы 3 орын иегерлері № 22 мектеп оқушысы Сағындық Малика, №1 мектеп оқушысы Мұқыш Мұхаммедәли, №12 мектеп оқушысы Құсайын Ернур, 2 орын иегерлері №20 мектеп-лицей оқушысы Жумабаева Айнур, №2 мектеп оқушысы Шәмет Алтынай, 1 орын иегерлері № 25 Амангелді Диана мектеп оқушысы.
    «Әншi-бұлбұлдар» номинациясы бойынша орыс тобы 3 орын иегерлері №41 мектеп оқушысы Берг Ольга, №13 мектеп оқушысы Рауш Ариана, 2 орын иегері № 34 мектеп оқушысы Маршл Виктория, 1 орын иегері №9 мектеп оқушысы Козолуб Алиса.
     «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша орыс тобында 3 орын иегерлері № 16 мектеп оқушысы Ильясова Александра, № 29 мектеп оқушысы Мубарак Еламан, 2 орын иегерлері № 1 мектеп оқушысы Жексенова Әдина, 1 орын иегерлері № 18 мектеп оқушысы Суженова Камила.
    «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша қазақ тобы 3 орын иегерлері №35 мектеп оқушысы Нурханова Әсел, № 22 мектеп оқушысы Қияқова Арайлым, 2 орын иегері №37 мектеп оқушысы Қыдырбаева Камила, 1 орын иегері №17 мектеп оқушысы Тохтарова Дилара.
      «Сөз шеберлерi» номинациясы бойынша қазақ тобында 3 орын иегерлері № 39 мектеп оқушысы Егінбай Аяжан, №20 лицей-мектеп оқушысы Сериков Ислам, 2 орын иегерлері № 33 орта білім беру мектеп оқушысы Совет Нұргелді, 1 орын иегерлері № 25 мектеп оқушысы Тусупбекова Дамира.
     «Сөз шеберлерi» номинациясы бойынша орыс тобында 3 орын иегерлері №23 мектеп оқушысы Амангельдиева Қызжібек, №34 мектеп оқушысы Арсамикова Малика, 2 орын иегері №17 мектеп оқушысы Крупина Татьяна, 1 орын иегері №18 мектеп оқушысы Айтжанова Дариға.
    «Жазушылар» номинациясы бойынша орыс тобы 3 орын иегерлері № 16 мектеп оқушысы Пешкова Ксения, № 34 мектеп оқушысы Завада Екатерина, 2 орын иегерлері №23 мектеп оқушысы Торогулова Асель, 1 орын иегерлері № 34 мектеп оқушысы Тайчик Алиша.
    «Жазушылар» номинациясы бойынша қазақ тобы 3 орын иегерлері №35 Бәкібай Әмина, №2 мектеп оқушысы Өсербай Серікжан, 2 орын иегері №2 мектеп оқушысы Қасен Фатима, Кенжекөл орта білім беру мектебінің оқушысы Құмарсерік Шернияздан.
    1 орын иегерлері облыстық кезеңде Павлодар қаласының намысын қорғауға жолдама алды.