Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
БАЛАУСА - 2018. БАҒДАРЛАМА ЖҮРГІЗУШІСІ
09-02-2018 17:39
БАЛАУСА - 2018. БАҒДАРЛАМА ЖҮРГІЗУШІСІ

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы, Павлодар қаласы әкімшілігінің Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Балауса 2018» балалар шығармашылығының фестивалі өтуде.
Фестиваль мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және ынталандыру,талантын дамыту,шығармашылықтың әртүріне баулу. «Балауса» көпжылдан бері қаланың ең талантты оқушыларын сахнаға жинайды, жаңа жас жұлдыздарды ашып , балаларды өнердің әртүріне баулиды.
Биылғы жылы байқау төрт номинацияда өтеді:
- «Бағдарлама жүргізушісі» – 9 ақпан
- «Ерекше жанр»– 15 ақпан
- «Вокал» – 15 наурыз
- «Хореография» – 12 сәуір.
Барлық номинация бойынша байқау қорытындысы сәуір айында гала-концертте өткізіледі.
«Жүргізуші бағдарлама» номинациясы бойынша қалалық бағдарлама фестивалінің бірінші кезеңі 2018 жылы 9 ақпанда № 29 ЖОМ өтті.
Шығармашылық жарыста қаланың мектептен тыс мекемелері мен жалпы білім беру мектебінен 60 оқушы қатысты. Қатысушы жасы 13-17 жас (7 – 11 сыныптар).
Фестиваль қатысушылары үй тапсырмасын ұсынды - жүргізушілердің өз сценарийі бойынша орындауы (мемлекеттік күндерге арналған шара,концерт көрінісі).
Жүргізушілер орындауы көрермендермен қарым-қатынас және көпшілік алдында орындау шеберлігі,стиль,шығармашылық ойы және идея ерекшелігімен ерекшеленді.