Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!
16-02-2016 04:06
Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!

20160213_111854Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 1 сынып оқушыларына, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған "Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!" атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны 1"Б" сынып жетекшісі Ибраева К.Р. және 1 "В" сынып жетекшісі Исимова А.К. жүргізді.

20160213_112737

Мереке мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдермен безендірілген мектебіміздің мәжіліс залында өтті.

Қонаққа мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар шақырылды. Оқушылар көрермендер алдында сүйікті оқулықтары - әліппеден алған білімдерін, мектеп қабырғасында үйренген өнерлерін көрсетті.

20160213_112354

Мерекелік іс-шара өте қызықты өтті. Әліппемен қоштасу кешінде оқушылар бойындағы бар қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін көрсете білді.