«Дарынды және талантты балаларды оқыту» тақырыбында коучинг
Біздің мектепте «Дарынды және талантты балаларды оқыту» тақырыбында коучинг өтті.
Коучингке мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері,тәлімгерлер, жас мамандар қатысты. Онда топтық жұмыстар жүргізілді. Ұстаздарға тақырыпқа байланысты тапсырмалар берілді.
Мұғалімдер өз ойларымен бөлісті, бір-бірлерінің пікірлерімен танысты. Дарын мен таланттың айырмашылықтары,дарынды және талантты балалардың қасиеттері және оларды анықтау, олармен жұмыс істеу төңірегінде келелі ой қозғады. Ұстаздар өздерінің әдістемелік шеберліктерін шыңдауда біршама пайдалы кеңестер алды.