Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Брейн ринг» интеллектуалды ойынының І туры
24-11-2015 08:20
«Брейн ринг» интеллектуалды ойынының І туры

IMAG0259

2015 жылдың 24 қарашада «Брейн ринг» интеллектуалды ойынының І туры болып өтті. Бұл интеллектуалды ойынға мектебіміздің «Эрудиттер» және «Ақылгөйлер» құрама командасына 7-10 сыныптардың бір өкілдері қатысты.. Математика, Биология, Физика, Химия және Информатика пәндері бойынша сұрақтар команда мүшелерімен ортақ талқыланды. Ойынға қатысып отырған әділ қазылар мүшелері әр дұрыс жауапты мұқият тексеріп, алғырлығы мен жылдамдығын есепке алды. Барлық жауаптар арнайы дайындалып қойған бланкілерге жазылып отырды. Белгілі бір сұраққа жауап берілгеннен соң, дұрыс жауабы интерактивті тақтада көрініп отырды. Қойылған барлық сұрақтардың мазмұны логикалық, әрі танымдық болды. Бұл ойын балалар үшін өте қызықты болып өтті. Қатысушылар мен жеңімпаздардың барлығына сыйлықтар берілді. Осы турда жеңіске жеткен команданы ойын финалында кездестіреміз.