Телефон доверия
55-98-37
email: sad27@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Жәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Балаларға көмектесейік" акциясы өткізілді.
15-11-2021 12:17

2021 жылдың15 қарашасында «Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасы – Дамыту орталығы»  КМҚК  қызметкерлері  «Игі істер» марафоны аясында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ балалардың шығармашылығын дамытуға арналған материалдарды табыстады.

Бұл акцияның мақсаты ересектерді әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге тарту басқаларға қамқорлық жасай білу, көмек көрсету болып табылады.

 Екі апта бойы сәбилер қабырғасында "Балаларға көмектесейік" акциясы өткізілді. Балабақша қызметкерлері өз қолдарымен  шашқа арналған резеңкелер мен шаш қыстырғыштарын жасады. Өз қалауларымен  балалар шығармашылығын дамыту үшін материалдар (крестпен, бисермен, ринстондармен кестелеу, сандар бойынша сурет салу, гипстен магниттерді жасауға және бояуға арналған жиынтықтар, жанды суреттер) және үстел-үсті ойындары (түрлі пазлдар, конструктор және домино) әкелді .