Сенім телефоны
8(7182)533534
email: sad21@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 1 А
8(7182)533534
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс күндері: 9.00-13.00 14.00-18.00
Қалалық семинар
30-01-2023 13:00
Қалалық семинар

Павлодар қ. білім беру бөлімі 2023 жылғы 26 қантарда «№21 сәбилер бақшасы» КМҚК базасында мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтарға арналған қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруді жүзеге асыру аясында педагогтардің кәсібиқұзыреттілігін арттыру, ЕББҚ психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша тәжірибемен алмасу. Қала бақшаларының 30-дан астам педагогтері қатысты.

    Теориялық бөлімде 21 с/б әдіскері А.Т.Ныгманова ЕҚББ бар балалармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерімен және құжаттаманы дұрыс жүргізуімен таныстырды. Әрі қарай педагогтер төмендегі жұмыс тәжірибелерін ұсынды:  21 с/б тәрбиешісі Р.К.Мусабекова «Коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың қысқартылған бағдарламасын жүзеге асыру»; 21 с/б музыка жетекшісі с.А.Байболова «Музыка іс-әрекетінде сөйлеу тілі бұзылған балалармен логоритмика әдісін қолдану»; 21 с/б дене шынықтыру нұсқаушысы М.К.Кахарманов «ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеуде мишық стимуляциясын қолдану». Семинардың практикалық бөлімінде 21 с/б қазақ тілі мұғалімі А.Т.Жумагулова әдістемелік құралдарының көрмесін ұсынды.

      Семинар педаготардың құзыреттіліктерін  арттырды, олардың білім қорын тәжірибелік материалдармен және ЕББҚ бар балалармен жұмыс әдістерімен толықтырды.