Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақшаңыз қалай?» акциясы
22-04-2014 16:42
«Қазақшаңыз қалай?» акциясы

Жетекші жалпы білім беру мектебінде әр айдың сәрсенбі күнінде «Қазақ тілінде сөйлеу –азаматтық парызымыз» акциясы болып отырады.  Сәуір айының сәрсенбі күні  «Қазақшаңыз қалай?» акциясын қазақ тілі пәннің мұғалімі Таипова Маржан Жоламанқызы  өткізді.

 

Осы акцияға мектептіңбасқа ұлт өкілдерінің балалары қатысты.Акция сайыс түрінде өтті. Сайыста балалар  екі топ болып жарысты. СайысҮІІІ кезеңнен болды. Таныстыру,кім жылдам, дода,  сурет бойынша әңгіме құрастыру, «сөз мәйегі-мақал», « адасқан сөйлемдер», «қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді айту», «өңерпаз болсаң...»Әр топ командалары өздерін таныстырдан бастады.

 

Айтар кетер жөн,балалар қызығушылықпен қатысып,олар өз топтарына ат қойып, бірі «Топжарған» болса, екіншісі  «Жасқыран» болды.Ең қызығы ҮІІІ кезең  «Өнерпаз болсаң..» ертегілерді саханалау болды, «Бауырсақ», «Шалқан» ертегісіне  қазақ тілінде қойылым қою болды.Бұл сайыста екі топта қазақ тілінде өздері шығарған ертегілерін қойды.Жалпы айта кететін акция өте қызықты әрі жан-жақты қамтылған болды.Мен осы сайыстың әділ қазылар мүшесінде болып, балаларға өте риза болып,көңілім ляззат алды.Осы акцияның мақсаты басқа ұлт өкілдерінің  балалары мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.Мұндай сайыстар оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.       Т.Құнанбаева,мектеп мұғалімі