«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №2 орта мектебінің 8«Ә» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Аушахманова А.Ж.) № 4 қалалық балалар кітапханасына барды.
Кітапхананың қызметкерлерімен бірлесіп «Бабадан бізге не қалған?» атты танымдық сағатын өткізді.
Іс-шараның қонақтары Әбусеиітов ат. мәдени-сауық орталығының «Сағым жылдар» ансамблінің әжелері болды. Олар балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әнгімеледі. «Шаш өру» дәстүрін көрсетті, жүннен иірілген жіпті қалай иіру керектігі туралы әңгіме айтып берді. Ұлдар әр шаңырақта қасиетті мұра болып саналатын қамшы туралы өнегелі ақпарат алды. Әжелердің орындауында «Немерем» атты қазақ әні шырқалды. Қазақ халқының дәстүрі бойынша кітапханашылар қонақтарға шағын сыйлықтар тарту етіп, «Шашу» рәсімін өткізді. Іс-шара аяғында кітапханашылар мен оқушылар әжелер батасын алып, әжелерге өз алғыстарын білдірді.Оқушылар үшін пайдалы кездесу болды.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
@bilim_pavlodar
«Бабадан бізге не қалған?» атты танымдық сағаты