Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАДАМЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, КӨЗАЙЫМ!
25-01-2017 04:23
Айта кетейік, биыл оқу жылының басталуымен қатар, мектебімізде шығармашыл шәкірттерді топтастырған «Жас қаламгерлер» үйірмесі ашылған еді. Сонымен қатар, үйірме жанынан ашылған «КӨЗАЙЫМ» ақпараттық және әдеби-шығармашылық, мектепішілік газеті мектеп өміріндегі барлық маңызды жаңалықтарды, ұлттық педагогика тұрғысынан берілетін тәрбиелік-тағылымдық, танымдық дүниелерді жинақтап, жарыққа шығарумен айналыспақ. «Көзайым» сөзі – «ең қадірлі, ең аяулы, ең сүйкімді жан» және «хабардар болыңыз» деген екі түрлі ұғымда қолданылады. Реті келгенде, «ата-әжесінің көзайымы», «көзайым болыңыздар» деп жатамыз. Осыған орай, біз оқушыларымызға арналған мектеп басылымын да дәл осылай атауды жөн көрдік. Ал, біз сырт келбеті мектептің техникалық жағдайына байланысты қарапайым көрінгенімен, газетіміздің өз оқырмандарына ұсынар жағымды жаңалықтары мен көз қуантып, таңдай қақтырар тамашасы аз болмас, деген ниеттеміз.