Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МҰРАЖАЙДАН АЛҒАН ӘСЕР
18-11-2016 09:19
МҰРАЖАЙДАН АЛҒАН ӘСЕР
01 Жақында №2 ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушылары қала орталығындағы «Д.П.Багаев үй-мұражайында» болып, павлодарлық танымал талантты фотографтың қиын да қызықты өмір тарихы мен шығармашылығымен танысты. Аталмыш мұражай Ленин көшесіндегі 200-ші үйде орналасқан. Мұражай шағын төрт бөлмеден тұрады. Оқушыларға мұражай экскурсоводы әр бөлмедегі тарихи құнды жәдігерлерді: Дмитрий Поликарпович пен әйелінің киген киімдерін, тұтынған ыдыс-аяқтары мен жиһаздарын түрлі шетелдік және отандық маркалы фотоаппараттар жиынтығын және алғашқы шыққан жазу машинкаларының үлгілерін таныстырып, әрқайсысы туралы жеке-жеке баяндап берді. Экскурсия соңынан, оқушылар мұражай қызметкерлерінің рұқсатымен суретке түсіп, мектепке көңілді оралды.