Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ғарыш лотосы
13-04-2011 08:56
Ғарыш лотосы

      50 жыл бұрын, 1961 жылы сәуірдің 12-сі күні, КСРО ұшқыш-ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевич ғаламзат тарихында тұңғыш рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұл күн  - Халықаралық ғарышкерлер күні болып аталады. Осы күнге арнап біздің БҰ «СМиД» 5-ші сынып оқушылары үшін «Ғарыш лотосы» атты мерекелік викторина дайындады. Әр команда 10 сұрақтан тұратын карточка алды. Жүргізуші қапшықтан сұрақтың номері белгіленген лото бочкасын суырып алып, хабарлайды. Жауапты ең алдымен сол сұрағы бар команда мүшелері береді. Ал егер жауап бұрыс болса, құқық басқа командаға көшеді. Әр дұрыс жауап үшін команда жетон алады. Барлық командалар белсене қатысты. Ойын өте қызықты болды. Бірінші орынға 5 «А» сынып, екінші орынға 5 «Г» және үшінші орынға 5 «Д» ие болды. Бәрекелді! Ғарышкерлер күнімен баршаңызды құттықтаймыз!