Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодарская область, город Павлодар, ул.Лермонтова 129
8(7182)549580
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 16.00 до 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептегі Наурыз мерекесі
24-03-2017 06:18
Мектептегі Наурыз мерекесі

18 наурызда № 5 ЖОББМ-нің 5-8 сыныптары аралығында Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық тағамдар» атты сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, өзге ұлттар туралы танымдары кеңейді.
Бұл сайыста әр сынып өз дастарқаны жайлы мағлұмат беріп, берілген ұлттың ұлттық тағамын таныстыруы қажет болды.
Көбінесе қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Сонымен қатар белорус, молдова халықтарының тағамдары ұсынылып, оқушыларға осы тағамдардың жасалу әдісі туралы мағлұмат берілді.
Оқушылар ән, өлең айтып, қабырға газеттерін, ұлттық бұйымдарын, костюмдерін көрсетті.
Сайысты қорытындылағанда: 5 «Б», 8 «А», 6 «Д», 7 «Г» сыныптары І орынды иеленсе, 5 «Д», 5 «В», 6 «В», 6 «Г», 7 «В» сыныптары ІІ орынды иеленді. ІІІ орынды 5 «А», 6 «А», 6 «Б», 7 «А» сыныптары қанағат тұтты.


Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ж.Н. Имангельдинова.