«Орыс тілі сарапшылары»
23 қыркүйек күні шет тілдер пәндер апталығына байланысты 6 «Б» сыныбында интеллектуалды ойын сайысы өткізілді. Ойынның тақырыбы «Орыс тілі сарапшылары» болды. Жарыс 3 турдан тұрды. Әр турдан аз ұпай жиналған оқушылар ойыннан шығарылды. Соңғы турда 3 финалист қатысты: К.Адия, А.Абай, Р.Аружан. Үшінші тур аяқталғаннан кейін жеңімпаз анықталды. Адия жеңіп алып, жағымды сыйлыққа ие болды. Қалған оқушылар тәттілер алды.