Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай мектебімізде “Ұлтының ұлы перзенті” атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште Қаныш Сатпаевтың өнегелі өмірінен сыр шертілді.
12-04-2024 13:13
Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай мектебімізде “Ұлтының ұлы перзенті” атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште Қаныш Сатпаевтың өнегелі өмірінен сыр шертілді.

Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тіршілігінде ұлтының тағдыры үшін алаңдаған қазақ ғылымының атасы, ұлт мәдениетінің көшбасшысы Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай мектебімізде “Ұлтының ұлы перзенті” атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште Қаныш Сатпаевтың өнегелі өмірінен сыр шертілді.
Оқушылар Қанышқа арналған арнау өлеңдерін оқып, “Ер Едіге” жыранан көрініс көрсетті, «Қаныш Сатпаев» роман эссесін жазған, Қаныш атамыздың көзін көрген, ұлы тұлғаға өз шығармасын арнаған есімі еліне мәшһүр қаламгер Медеу Сәрсекемен сұқбат жүргізілді. (Медеу Сәрсекенің рөлін сомдаған Медеу Сәрсекенің көзін көрген мектебіміздің тариха пәні мұғалім Төрехан Есет)
Жаратылыстану бағытының ұстаздары “Алып тұлға-Қаныш аға” фото көрмесін ұйымдастырып, Қаныш атамыз зерттеген қазба байлықтарын оқушыларға көрсетіп, таныстырып өтті.