Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Пресс-релиз
10-02-2017 10:33
Пресс-релиз

Ауғанстан елінен  кеңес әскеріінің шыққанына  28 жыл толу қарсаңында, Павлодар қаласының  № 14 ЖОББМ-ң Жауынгерлік Даңқ мұражайында  Ауғанстан соғысына қатысқан павлодарлықтарға  арналған бөлім ашылды.

Мектебіміздің 10 сынып оқушылары мұражай экускурсоводтары келген қонақтарды Ауған Демократиялық Республикасы аумағында өздерінің интернационалдық борышын атқарған павлодарлық жауынгерлердің  жауынгерлік жолдарынан  сыр шертетін жаңа жәдігерлермен таныстырады.

Мұражай стендтері мен жәдігерлері  Ауғаныстан жерінде  1979-1989 ж.ж  болған кеңес  әскерінің құрамы туралы баяндайды. Ауған соғысына  павлодар  облысынан 1098 жауынгер қатарына шақырылды. Оның 36-ы  қаза тапса ,54 –  жарақаттанды.

Павлодар облыстық комиссариаттың берілгені бойынша Ауғанстан Демократиялық Республикасында өз міндетін аброймен атқарған 269 павлодарлықтар жауынгерлік даңқ орденімен, медальдармен марапатталды. Оның 26-на  Қызыл Жұлдыз ордені берілді. Сұм соғыстың ауыртпалығын  артқан жауынгерлер есімі мәңгі сақталады.

Біз үшін ауғанстан соғысының жауынгерлерінің есімдері  Ұлы Отан Соғысы кезіндегі  Отан қорғаушыларымен қатар тұрады.Бұл өз Отандарының  сенімін атқарған жауынгерлер.

Мектеп мұражайының жаңа бөлімі осы ерліктің куәгері.