Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Алтын микрофон» облыстық вокал байқауының қалалық кезеңін өткізді
18-04-2023 11:54
«Алтын микрофон» облыстық вокал байқауының қалалық кезеңін өткізді
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және дарынды балаларды дамыту орталығы 2023 жылғы 12 сәуірде Құрманғазы атындағы музыка мектебінде «Алтын микрофон» облыстық вокал байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға қаланың 26 орта мектебінен 10 мен 17 жас аралығындағы 77 орта және жоғары сынып оқушылары қатысты.                                                 Біздің оқушыларымыз, «Павлодар қаласы, №15 орта мектебі» КММ, «Арс вокал» вокалдық-эстрадалық студиясы - «Солистер» номинациясы бойынша орта жас санатты (10-13 жас) – Ткачева Вероника (6 «А» сынып оқушысы) қатысушы болды; «Вокалдық ансамбльдер» номинациясы бойынша үлкен жас санатта (14-17 жас) – Жанна Акимбаева, Карина Ахметзянова, Регина Санчагова (7 «Б» сынып оқушылары) 3 орынды иеленіп, 3 дәрежелі Дипломмен марапатталды.                              Вокалисттерімізді Жеңістерімен құттықтаймыз!!! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!!!
 
 Студияның музыкалық жетекшісі: Сексембаева Р.С.