Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қазіргі заманғы мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың тәсілдері мен стратегиялары" тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
21-04-2023 17:46
20.04.2023 ж., Павлодар қаласы  №15 жалпы орта білім беру мектебі  КММ-і  базасында Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы және «Өрлеу» ПКҰО АҚ филиалымен бірлесіп  "Қазіргі заманғы мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың тәсілдері мен стратегиялары" тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Оған қала және облыс мектептерінің 50-ден астам басшының орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагог-психологтары, педагог-логопедтері қатысты.
    Пленарлық бөлімде әдістемелік кабинет меңгерушісінің міндетін атқарушы Шолпан Саменовна Нұрахметова,  №15 орта мектебінің басшысы Шакенова Нургуль Жилкибаевна, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Сүлейменова Бибинур Калауовна,  "Өрлеу" ПКҰО АҚФ аға оқытушысы Идилуп Айман Тулюгуновна сөз сөйледі.
    Практикалық бөлімде мектеп мұғалімдері ЕББҚ бар балаларды оқытудың тәсілдері мен стратегияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.
    Қорытынды кезеңде жас өнерпаздар «Ертегілер жаңа жолмен» байқауының театрландырылған қойылымдарын қонақтар назарына ұсынды. Мектеп психологы Хамитова Алмагуль  Аманжоловна блокты алу үшін тыныс алу жаттығуын өткізді. Рефлексия еркін микрофон түрінде өтті. Семинар нәтижесінде мектептің педагогикалық ұжымына педагогикалық тәжірибені тарату туралы сертификаттар табыс  етілді.