Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Мектепке жол" акциясы
16-09-2019 14:31

Тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-на дейін Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биыл акция «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен өтуде. Бүкіл оқу жылы бойы мектепте «Қамқорлық» акциясы өткізіледі. Бұл акциялардың мақсаты мұқтаж балаларға кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім түрінде материалдық көмек көрсету, ал оқу жылының басында – балаларды мектепке дайындау болып табылады.

Қыркүйектің 3-нен бастап аз қамтамасыз етілген отбасылары балалары мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтылды, қалған балалар ата-аналар есебінен тамақтануда. Жалпыға бірдей оқыту қорынан 58 бала тегін түскі аспен қамтылған, үшеуі – жалға алушы есебінен тамақтанады.

   Жалпыға бірдей оқыту қоры қаржысынан материалдық көмек көрсету (тамақтану, киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары) – бұл бір реттік акция емес, ал аз қамтамасыз етілген, көп балалы, толық емес отбасы балаларына және ата-аналарына, оның ішінде жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, олардың қамқоршыларына (отбасы бюджеті қаржысын үнемдеу) үнемі нақты қолдау көрсету болып табылады.

 №15 ЖОБМ бизнес-құрылымдардың, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың 20  демеушісіне өтініш пен хаттар жіберді. «Мектепке жол» акциясы өткен күндері біздің оқушыларға келесі демеушілер қамқорлық көрсетті: Павлодар облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы, Павлодар облысының Әділет департаменті жеке сот орындаушысы А.А. Шахматалиновамен, ЖК А.В.Пархоменко, ЖК С.М.Қапанова, «CENTЕRKREDIT» банкі өкілдері, ЖК «Аружан» (басшысы Б.К.Калиякбарова), добряктар клубы, ата-аналар мен мектептің педагогикалық ұжымы. «Нұр Отан» партиясының конференц-залында аз қамтамасыз етліген, көп балалы отбасылары балаларының 4 ата-анасына салтанатты жағдайда жалпы сомасы 60 мың теңгеге сертификаттар тапсырылды.

 Балалар мен олардың ата-аналары атынан барлық демеушілерге, волонтерлерге «Мектепке жол» акциясы барысындағы түсіністіктері мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз.

 Бүгінде 95 бала жалпы сомасы 838 200 теңгеге материалдық көмек алды. Көмек әлі де көрсетіліп жатыр.

          Оқушыларымыздың бейімделуі айтарлықтай жақсы жағдайда өтуде. Мектепте әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істейді. Әлеуметтік педагог пен психологтар ата-аналар мен қамқоршыларға кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетуде (анықтамалар, қорытындылар, ИИН, туу туралы куәлік, жеке бас куәлігі, тіркелу, еңбекке орналасу). Оқу жылы бойы балалар сауықтырылу мақсатымен «Балдәурен» лагеріне барып тұрады.

            Сынып жетекшілері, ата-аналар, әкімшілік мүшелері мектептің шағын ауданына біріккен рейдтер жүргізіп тұрады, қажет жағдайда оқушыларымыздың отбасыларына барады. Көмек көрсетуді сұраған оқушылар мен олардың ата-аналары мектептің педагогикалық ұжымының назарынан тыс қалмайды. Біздің балаларға деген қамқорлығымыздан олардың ертең қандай адам болып шығатыны байланысты ғой.

Павлодар қаласы №15 мектебінің республикалық

«Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті.