Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кішкентай мисс – 2017»
11-03-2017 10:59
«Кішкентай мисс – 2017»

Жан біткенге шуағын төгіп, айналаны нұрға бөлейтін көктем мезгілі келіп жетті. Күн сәулесі жарқырай түскен сайын адамдар да мейірлене, көңілдене бастайды. Осындай тамаша жыл мезгілін ала келген наурыз айы тек шуақты күндерге ғана емес, мерекелер мен мейрамдарға толы. Атап айтар болсақ, мектебімізде төртінші наурыз өткен «Жұлдызды отбасылар» сайысы, алтыншы наурыз күні өткен мерекелік құттықтау концерт, он бірінші наурыз күні өткен «Кішкентай мисс» байқауы, осылардың барлығы аяулы да ардақты аруларымыздың мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне арнап өткізілді. Аталған «Кішкентай мисс» байқауы көрермендерді қайран қалдырғаны сөзсіз. Себебі байқауға қатысқан кішкентай қыздарымыз бірінен-бірі асқан өнерпаздар екендігін дәлелдеді. Байқау қатысушылары 2 «А» сыныбының оқушысы Алиясова Сафинаны, 2 «Б» сыныбының оқушысы Кусаинова Даяна, 2 «В» сыныбының оқушысы Риттингер Ксения, 2 «Г» сыныбының үмітін үкілеп алып шыққан Муханова Айсананы және 2 «Ж» сыныбының оқушысы Токтарова Милананы бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Кішкентай аруларымызға байқау бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Көктем мерекесі келді деген осы...
                                                                                                ДТІжО Зайнутдинова К.К.