Мейрімділік дәстүр
Мейрімділік-асыл қасиетіміз,жүректегі таза ақ ниетіміз-демекші 17 мектеп ұстаздары Рамазан айында өзінің шәкірттеріне үлгі болсын деп тамаша дәстүрді бастады. Мұсылман халқы үшін қасиетті Рамазан айының орны ерекше. Рамазан айында мектептің ұстаздары 5 Г сынып оқушысы Асылханов Бақтиярға қаржылай көмек көрсетіп, сол жиылған ақшаға спорт киімімен қатар күртеше,жаздық киімдер сатып әперді. Бұл Рамазан айында адамдардың бір-біріне деген мейрімділік,қамқорлығының айнасы.