Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық семинар
19-10-2023 11:42
Қалалық семинар
2023 жылы 17 қазанда Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Қалыптастырушы бағалау- сапалы білім берудің негізгі факторы» атты семинар практикум өтті.
 
Семинар мақсаты:«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін  оқытуда бүгінгі заманның  талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және  шығармашылық ізденісін жетілдіру, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату.» 
 
 
 
Семинар жұмысында Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті.Семинар модераторы Шадихан Гүлназ Бауыржанқызы семинар бағдарламасымен таныстырып өтті.  Коллабаративті ортаны құру мақсатында Байбулова Айкүн Кабыкеновна  «Кел танысайық» стратегиясы бойынша, келген қатысушыларды таныстырды. Ахметжанова Шолпан Аманжоловна, Имангалиева Бибигуль Калымовна «Қалыптастырушы бағалау- сапалы білім берудің негізгі факторы» атты видеобейнемен қатысушылардың қызығушылығын танытты. Саликова Шарбан Сапаргалиевна критериалды бағалау бойынша
 тезаурусты қайталады. Сергазинова Бибигуль Петровна, Нуркенова Анар Советхановна «Қалыптастырушы бағалауды өткізу үшін тиімді әдістердің қолданысы» атты шығармашылық шеберханада, қатысушыларға практика жүзінде әртүрлі әдістер арқылы кретиралды бағалаудың теориясын ашты. Байбулова Айкүн Кабыкеновна «Padlet» әдісі арқылы семинарды қорытындылады. Қала педагогтарына қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында семинар материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.