Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бір-екі сөйлем менің өмірімді өзгертіп жіберді...
19-04-2011 09:59
Бір-екі сөйлем менің өмірімді өзгертіп жіберді...

(Жалғасы, басы өткен сандарда)

Ары қарай мен тыңдаған жоқпын. Қалған сабақтарда ұйықтап қалыппын. Сабақтардың соңында мені біреу оята бастады.

- Аңса. Ей Аңса, оян! Сабақ бітті.

Мен атып түрегелдім.

- А? Не?

- Сабақ бітті деймін. – Бұл Ринат болып шықты.

– Профессор Арман дұрыс айтады.

- Нені? – деп мен оқулықтарымды жинадым.

- Соңғы кездері сен шынымен шектен тыс кешіге бастадың. Жарыңды тапқансың ба? Әлде шынымен дипломкаң ба? – оның көзінде үміт оты тұрды. Білем, ол маған ғашық. Кафедрадағылардың бәрі бұны біледі. Басында мен оны достығын осылай көрсетеді деп ойладым. Кейін мен оның көзінде шынайы сезімді аңғардым. Бірақ ол мен үшін тек дос қана. Бұл тек болашақта ғана өмір солай бұрса, мен оны сүйетін болармын. Әйтсе де қазір бұл олай емес.

- Қайдағы жар, Ринат. Шынымен де сен менде соншама көп уақыт бар деп ойлайсың ба? Ақымақтық. Әрине шынымен дипломка.

Ринат маған сездірмей демін ішіне тартты.

- АҢСА! - деп бірден екі кісі мені қатты айқайлап шақырды.

Мен бұның кімдер екенін бірден таныдым. Бұл екеуі әрқашан мені керек те, керек емес те уақытта мазалайды. Бұл Қайрат пен Саржан. Екеуі мені өмір мен өлім арасында күресіп жүрген батыр немесе соғыстан келген ардагер ретінде қабылдайды. Менде олардан бүгінге арылуыма тек бір ғана мүмкіндік болды. Және мен оны жіберіп алмаймын.

- Ринат, көмектес, – деп мен оған жалынышты көзбен қарадым. Әрине, бұл екеуі туралы да  барлық кафедра білді.

- Қалайша? – Ринат та олар келмегенше барынша тез шешім табуға тырысып жатқан сияқты.

- Білмеймін. Бәрібір. Ө Т І Н Е М І Н! – мен одан әрі жалынышты түр жасадым.

- Жарайды. Дайындал. Бірақ сен бәріне көнуің керек. – Ол бірдеңе ойластырған сияқты.

- Иә, көнем. Тек тез ғана, ОЛАР жақындап қалды. Мен қорқынышпен Қайрат пен Саржанға бұрылдым.

- Ал, бастадық.

Қайрат пен Саржан біздің жанымызға келіп тоқтады.

- Құрметті майдан ардагері Аңсаған, - деп Қайрат бастады. Мен күндегідей көзімді «бәріне шыдаймын, төземін» дегендей түрмен жұмдым. – Біз сізге арнап, әдейі осы күні...

- Тездетші, әй. Тосатын түрім жоқ. – деп Саржан Қайратты асықтырды. Өзі бір жерге асығып тұрған сияқты.

- Асықтырма! Мен әйтпесе одан әрі созамын. – деп Қайрат ренжіген түр қылды.

- Жарайді. Ал тыңдадым.

- Құрметті майдан арда...

- Айттың оны. Бастысына көш. Біз асығып тұрмыз. – деді Ринат Қайратты бөліп жіберіп.

Қайрат бірден көзін сығырайтып, бірдеңені сезіп қойған түр қылды.

- Сендер қайда асығып жатсыңдар? – деді ол.

Ринат сол кезде маған көзін қысып:

- Мен Аңсағанды кешкі асқа шақырдым. Ол маған "жоқ" деуден жалығып, осы жолы "иә" деді.

Мен аң-таң болдым. "Бұл ма оның жоспары? Олай болса мен келіспеймін " Мен дәл осылай айтайын деп едім. Бірақ менен бұрын оған Саржан сенбеген сияқты.

- Солай де. Шындыққа ұқсамайды.

-Иә, солай. Неге сенбейсіңдер? – Ринат соңына дейін шыдауға дайындалған сияқты.

- Онда неге Аңса үстіне суық су шашқандай қатып тұр?

- Ол шынымен әлі сенбей тұр.

Мен енді бәрін доғаруға дайындалғанда, Ринат маған бұрылып тек мен ғана еститіндей сыбырлады:

- Мен білемін сенің не айтқың келіп тұрғаныңды. Бірақ сен ОЛАРДАН құтылғың келе ме, жоқ па?

Мен Қайрат пен Саржанға тез қарап, маған оданда Ринатпен кездесуге барғаным артық деп шештім. ОЛАРҒА бұрылып:

- Неге сенбеске? Әрине бір мүмкіндік болсын Ринатқа беру керек. Айтатыныңды айтып болсаңдар, біз кеттік. – деп мен ОЛАР есіне келмегенше Ринатты қолынан ұстап универден шықтым.

Жалғасы бар...

Бексұлу АСАР.