Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаныңда жүр жақсы адам
19-04-2011 10:06
Жаныңда жүр жақсы адам

«Жетім көрсең –жебей жүр!» деген бір керемет халық даналығы бар қазақта. Қазіргі мына нарық қыспаққа алған заманда тастанды тірі жетімдер бұрынғыдан да көбейе түсіп отыр. Дені-қазақтар. Бәрі де тағдыр үкімін тағатсыздана тосады. Олар тек бір-ақ нәрседен ғана қорқады, ол-жетімдік, қорғансыздық. Аңсайтындары да бір-ақ нәрсе-ананың аялы алақаны, әкенің мейрімі. Қатыгез тағдыр оларды ата-ана құшағынан ерте ажыратып, сәбилік күлкілерін көкіректерінен тым ерте жұлып әкетсе де, өмірде жақсы адамдар аз емес екен.  «Сен жетімсің, сені анаң керек қылмай тастап кеткен!» - деген жанға батар ауыр сөзді олар естімеді ғой дейсіз бе? Кейбір намысқойлары шешесіне ара түсіп, талай төбелеске де барған шығар-ау. «Жетім қозы - тасбауыр, маңырар да отығар» - демекші, жастайынан жетім қалып, көп жылаған бала бәріне көз жасымен жауап қатуға да үйренеді екен. Көптің бірі болған мына жетімханада оған тек қана анасы жетіспейді.

Иә, ананың аялы алақанына, ақ махаббатына тең келер не бар мына жалпақ жаһанда?!. Балалар үйі қанша мысыр шаһары болса да, өз шаңырағыңа не жетсін! «Сағындым, мама, мен сені!»-дейді сәби жүрегі...

Сондықтан да осындай сәбидерге кішкене болса да қуаныш сыйламақ болған ниетпен өз көмегімізді ұсынғымыз келіп,  мектебімізде «Жаныңда жүр жақсы адам» деген тақырыппен  қайырымдылық қоры акциясын өткіздік. Оқушылар  тарапынан  берілген көмектен, біз ата-анасыз қалған кішкентай бүлдіршіндерінің жүректерін  жылулыққа  толтыру үшін бар күшімізді салатынымызға сеніміміз мол. Біз «Шұғыла» БҰ  осы акцияны жиі-жиі жасауды қолға алмақшымыз.

Құрметті газет оқырмандары, біз сіздерден қолдау күтеміз.

Жансая Жанабаева, «Шұғыла» БҰ мүшесі.