Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық – зор байлық
03-05-2011 13:22
Денсаулық – зор байлық

Спорт - денсаулық кепілі деген рас.Сау болам десең спортпен айналысуың қажет. Күнделікті спортпен шұғыданатындардың ұйқысы сергек, иммунитеті жоғары болады. Мен өзім таңертең бетімді суық сумен жуу -күндегі әдетім.Сосын далаға таза ауаға шығамын, жеңіл жүгіріспен жүгіремін. Апам айтпақшы спортпен айналысқаннан бері бойым шымыр, денсаулығым мықты болып келеді.

Биыл Қазақстанда қысқы АЗИАДА болып өтті. Сонда Қазақстан спортсмендері өздерін тек жоғарыдан көрсетті. Спорт жағынан қазақ жастарының осал еместігін танытты. Менің елім өз жастарымен әрқашанда мақтана алады деген ойдамын. Себебі салауатты өмір сүру салты   бізде дұрыс қалыптасқан.

Біздің мектебімізде әр сенбі күні паралелер арасында «Шынығамыз, шыңдаламыз» атты спорттық эстафеталар өткізу дәстүрге айналған. Сәуірдің 5-7 күндері «Бүкіл дүниежүзілік Денсаулықты сақтау күніне» байланысты спорттық ойындар сайысы 2-4 сынып оқушылары арасында өтті. І орынды 2а, 3г, 4а сыныптары, ІІ орында 2б,3,в,4в сыныптары, ІІІ орында 2г,3а,4б сыныптары иеленді. Мектеп оқушылары спорттық сайыстар десе жанын салады. Себебі деніміздің саулығы спортпен тікелей байланысты екендігін біз жақсы түсінеміз. Сонымен қатар спортпен айналысу – қоғамды жат қылықтардан: темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қоданудан сақтайды.

Салтанат ЖАРЫЛҒАСЫНОВА.