Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тіліміздің қадірін кім біліп жүр???...
18-05-2012 09:09
Тіліміздің қадірін кім біліп жүр???...

Қазіргі    уақытта   қаншалықты     20-жылдық тәуелсіздік   тойымызды   тойласақ  та, арқамызды кеңінен жаюға әлі дайын емес  сияқтымыз. Себебі бізді әлі мазалайтын маңызды  мәселе - ол мәтініне  мәні сай тіліміздің бара-бара паршаланып, әсем  әдебиетіміздің жат тілдің жұмса жұдырығында, ашса алақанында болуы жанымызды жаралау қарсаңында. Бәлкім, бұл өткен ғасырдың  жұса кетпес  дағы ма? Сондай-ақ,  тек қазақ жеріне тамырын салып қана қоймай, дүние жүзін тіл саясатымен  жаулап алған  Кеңестің  басшысы Сталиннің мақсаты не еді?  - деген ой-түйсіктер тіл жанашырларымыздың көкейіндегі көз көрмес сезім болып жатқаны аянышты жағдай. Бұл әрине, көбіне жас ұрпақтың тіл мәдениеттілігінің мәні өзгеріп бара жатқанына байланысты туған жауапсыз сауал тізімі.  Әлде қаракөз қазаққа тіл ұмыту сән болып бара жатыр ма? Мәселен, қоғамдық көлік немесе қоғамдық орындардың маңайын бақыласақ, жастарымыздың жат тілде жарыса сөйлейтіні көз шұқитын шындық.Әрине бұл мәселе Парламентіміздің табалдырығын талай тоздырған  мәселе болса да, әлі күнге дейін өз нәтижесін үздік атқара алмай жүр. Тіпті елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен тіл дамыту саласына қыруар қаржы жұмсап, жастарымыздың ықпалына жаңа негіз салып тұрса да, тіл қадірін біліп жүрген казақ баласы жиырма жылдың жазы келсе де кездесер емес. Сонда бұл аттың құлағында ойнап, батырлығына серілігі сай халқымыздың намысы жерге тапталуы ма? Тағы бір мысалдың мәселесін қозғасақ, біраз болсын іш дертіміз тарқалушы еді. Күнделікті асығыс өмірде біз жиі байқайтын жағдай көбінесе қоғамдық көлікте көптеп кездеседі. Мәселен, жүргізушіге жол ақысын беретін кезде «Возмите, пожалуйста за проезд!», «Можете передать за проезд!», «Пожалуйста, остановите на этой остановке!» немесе «дайте пройти!» деген үйреншікті сөздер  қаракөз қазақтарымыздың ауызынан шығуы таң қалдырып, таңдай соқтырар  жағдай емес. Бұл тек жас ұрпақтың ғана үйреншікті сөздері емес, орынын төрден алып жүрген қарттарымыздың  тіл мәдениетінде жиі кездесетін жағдай. «Бұл сонда не?»Кешегі дана Абайымыз бен  кешегі үкілі  үмітімен ғасырлар бойы қанды – қақтығыстан көз ашпаған батырларымыздың  кешегі ерлігін, бүгінгі халық  дұрыс бағалай алмай, санада сақтамауы ма?

Юлдашев Бекжан

9 «Г» сынып оқушысы