Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
7 « Г» сыныбының оқушылар мен ата-аналар жиналысы
21-12-2012 10:36
7 « Г»  сыныбының оқушылар мен  ата-аналар  жиналысы

 

7 « Г»  сыныбының оқушылар мен  ата-аналар  жиналысы.

 

Тақырыбы:  «Өрлей  бер  өркениетке,  өсер  елім»  атты  оқушылар  мен  ата-аналар арасында  дөңгелек  үстел  жоспары:

 

  1.  1-  тоқсанның  қортындысы.  10 мин.

  2.  Ситуациялық  жағдаят ( ата-аналарға)  8 мин.

  3.Оқушыларға  арналған ситуациялық  жағдаят. 4 мин.

  4. Ой  қозғау.( ата-анаға) 2мин.

  5.Президент туралы 5мин.

  6. Оқушыларға  сөз, концерттік  бағдарлама 10мин.

  7.Блиц  ойны. 2мин.

  8.Үш  бидің  бата  беруі. 3мин.

  9. Ата-аналарға  сөз беру.1мин.

 10. Мұғалімнің  сөзі.1мин.

 11.Директорға сөз беру.1мин.

 12.Келген  қонақтарға  сөз  беру.

       

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ: 48мин.

«Өрлей бер  өркенниетке, өсер  елім»

.

МАҚСАТЫ: 1.  Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан  Республикасының  өткені  мен болашағы,  даму  тарихы  туралы  мағлұматтар  бере отырып  келешекке  сеніммен қарауға елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету.

                  2.Адамгершілікке, мейрімділікке,  үлкенді  сыйлауға  тәрбилеу,оқушылардың  дүниетанымын кеңеиту,  қалыптастыру.

                  3.Жас  ұрпақтың  патриоттық  сезімін  ояту.

                                                                               

 НАҚЫЛ  СӨЗДЕР:

1.Отбасында   адам  бойындағы  асыл  қасиеттер  жарқырай  көрініп  қалыптасады.  Отанға  деген  ыстық  сезім  жақындарына,  туған- туысқандарына  деген сүйіспеншіліктен  басталады.

                                                                                   Нұрсұлтан  Назарбаев.

2.Ата- ананың  еңбегін  сіңірген  бала   өмір  бойы  ақтап  бола  алмайды.  Балаға  деген  махаббатқа  ешбір  махаббат  теңдесе  алмайды.  Ол  өле-өлгенше  сунбайтын  махаббат.

                                                                                Ғабиден  Мустафин.

                                    

 

 

 

БАРЫСЫ.

Мұғалім:  Құретті,  ата- аналар,  ұстаздар,  оқушылар!

Бүгінгі «Өрлей бер  өркенниетке  өсер  елім» ашық  ата-аналар  жиналысына  қош  келдіңіздер!

  Ата-аналар  жиналысы  дөңгелек  үстел  төірегінде  өтеді.

                    Жиналыстың  өту  жоспары :

   1.  1-тоқсанның   қортындысы.

 ( қортындысын сынып  жетекшісі  жасайды).

 

2.Ата-аталарға  арналған «Ситуациялық  жағдаят»  беру.

(негізінде ата-аналар,  балалар  топқа  бөлініп  отырады).  4топ  болады.

 1-жағдаят.  Алақай,  мен  бес алдым!

Мұғалім бізге не  айтқанын білесің бе?- деп сынып  оқушысы  өзінің  алғашқы  жетістіктері  жайында қуанышы  қойнына  сыймай  анасына  айтйп  жатыр. Бірақ  күндер  өте  береді « Алақай,  бес  алдым»  деген  баланың  қуанышты  сөздері  сирек  естілетін  болды.

Сіздің  ойыңыз  қандай?

2-жағдаят.Қызы  мектептен келіп анасына:

«Сізге  мңызды  бір  нәрсе  айтқым  келеді»  десе  анасы: « Сенсіз де  басым басым  ауырып тұр, мазамды  алма»  депті.

Сіз не  деп жауап  берер  едіңіз?

3-жағдаят.  Менің  қызым  озат  оқушы, үй  шауашылығымен  айналысқаныннан  гөрі  бос  отырғанды   жақсы  көреді,  ештеңе  істеғісі  келмейді,  оны  қалай  қызықтыруға  болады?  Сіздің  пікіріңіз?

4-жағдаят.  Сіз  балаңызға  дүкенге  барып  келуін  өтінесіз  ол «ән  тыңдап  отырмын»  деп  барудан  бас  тартты. Не  істер  едіңіз?

 

          3.Оқушыларға          арналған    ситуациялық  жағдаят.   МЫСАЛЫ:

1.Сен  өте  асығыссың,  себебі  сабаққа  үлгеруің  қажет.

Көшеде  бала  жетектеп  келе  жатқан  қарияны  қағып  кеттің.  Ол  кісі  құлап  түсті, немересі  қоыққаннан жылап  жіберді.  Сен  не  істейсің?

 

2. Саған  анаң  өзі жұмыстан  келгенше үйді  жинастырып  қоюды  тапсырды.  Сен  дотарыңмен  ойнап  жүріп  бұл  істі   ұмытып  кеттің. Анаң  жұмыстан  келіп,  өзі  жинап, сыпырып  қойды.  Сен  келгенде  анаң  ренжулі.Сенің  әрекетің?

 

3.Үйде  ешкім  жоқ. Тек  сен  ғана.  Есіктің  қоңырауы  соғлды.  Сен  барып  қарасаң  қаладан  келген  туысқаның.  Сенің  анаң  ешкімге  есікті  ашпауды  тапсырған.  Сенің  әрекетің.

 

4.Бүгін  анаң  жақсы  көретін  тамағыңды  жасап  берді.  Сен отыра  қалып  іні-қарындастарыңмен  қосла  жедің де,  даладағы  ойынға  қарай  жүгірдің.  Сен  нені  ұмыттың?

        

 

                            4.   Ой  қозғау  салу.

«БАЛА  КІМ?  Осы  сұраққа  өз  ойларыңыздан  бірнеше  жауаптар  қайтару  керек.

Жауап:(болашағым,  бауыр  етім,  асыраушым,  ізбасарым,  қуанышым т.б.).

 

                          5. Иә, осының  бәрі  ата-  бабам  аңсаған  азаттық таң,  ата  бобаның  армандаған  тәуелсіз  күн  арайлап,  көк  байрағымыз  көкте  желбіреген  ерекше  күн.

                       

                     Атыңнан  айналайын   егемен  ел,

                    Тәуелсіз  күннің  туды  кенеле  бер.

                   Мерейің  құтты  болсын  тәуелсіздік,

                  Ғасырдың  тойы  болсын  келе  берер! –дей  келе  біраз  артқа  үңілейік.

...  Қазақстан  Жоғары  Кеңесі  1991 жылғы  16- желтоқсанда  тәуелсіз  Республика  деп  жариялады.

         Бұл   тәуелсіздік  республикасының  барлық  халықтарына  еркіндік,  бостандық  әкелді.  Келешекте  бұл  ел  қандай  жолмен  дамиды,  шаруашылықты  қандай  тәртіппен  жүргізеді,  қай  бағыттарда  өркендетеді, қайсы  елдермен  қатынас  жасайды, әр  ұлт өз тілін,  мәдениеттің салт –дәстүрін қалай да-мойындады-бәріне  де халық өзі шешетін болады.Осыдан сәл бұрын,1991 жылғы желтоқсанның 1-інде Қазақщасы Елбасшысын­-Призидентін сәйлеу болған оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев тарихында бүкіл халық қатысқан, жасырын дауыс беру арқылы сайлаған тұңғыш  президенті еді.

Тұңғыш президентті тәуелсіз Қазақстанның күрделі де ұлы кешені күтіп тұрды.

 

Қиыншылықтардың бәрін артқа қалып қазақ та мынадай бар емеспе;

 

Орында бар оңалар  демекше ел орнында,жер орнында,жерге жетер байлық жоқ.Жер болса,ел болады,ел болса  ер болады.Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.Біздің отанымыз –егеменді , тәуелсіз қазақ мемлекетіміз бар.130-дай ала ұлт өкілдері тұратын осындай қасиетті мемлекетте асқақтаған өленде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, еліні теңіздей толығай, шөрт түлігі мыңғырған өндіріс   мекенде өмір  сүруші әрбір адам өз отаның жалғыздай сүйіп, оның нан көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтатын оқушыларға сөз кезегін береміз.

 

 

1-оқушы.

Егемен болмай, ел болмас,

Етек -  жеңі  кең  болмас,

Терезесі  тең  болмас,

Енді  қазақ  кем  болмас.

.

2-оқушы.                              Ақ  жайық, Алтай  арасы,

Қазақтың  шалқар  даласы,

Республикама   қарашы!

Жерінің  дәні  маржандай,

Қырманы  асқар  таулардай,

Республикама  қарашы!

 

3-оқушы.                   Кең  жазира  құтты  мекен – Гүлстан,

   Арай  таңым,  бақыт  берген  шығыстан.

Қасиетті аннам-өзін,туған жер,

 

                                                 

 

 

Ән:

 

Ата анасымен де айтуға болады

 

Би:

 

Ал,құрметті,ата-аналар,оқушылар,

 

                          Қонақтар,дөнгелек үселіміз жиналмас бұрын Блиц ойынымызды ойнаймыз.Сұрақтар бар,кімде-кім сұраққа толық және дұрыс жауап берсе сыйлықтарға ие болады.

                                   

1)Қазақстан Республикасының президенті кім?

                           2) Мемлекеттік тіл кай тіл?

                           3)Біздің астанамыз қай қала?

                           4)Рәміздерімізді ата

   5)Отан туралы қандай өлең жолдарын білесіздер?

                           6)Қандай мақал-ьәтелдер білесіңдер?

                           7)Біз қандай елміз?

                           8)Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

                           9)Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

                          10)Қай жылы төл теңгеміз дүниеге келді?

 

                                        1993 жылы 12-қарашада.

                  Өте жақсы сыйлықтар таратылады

 

 

                 Ал, енді, құрметті ата-аналар, қонақтар, оқушылар:

                            Отан дейміз кең байтақ Астананы

                            Жасыл жайлау жаңа ел жас қаланы

                            Отаның шеті де жоқ, шегі де жоқ

                            Ол бірақ өз үйіңен басталады.

Демекші ортаға үш биді шақырамыз батасын аламыз.

Төле би:

Сұрасаң бата берейің,

Үсейін бомын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төсейін.

Қазбек би:

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын,

Өркендерің ер болсын

Көре алмаған сағынды,

Дұшпандарың жер болмыс.

Әйтеке би:

Жарылқа «Алла» қабыл ет!

Шарылқаудың қамы ет!

Ізет, абырой, бақ даулет,

Жақсылық үшін қызмет ет!

Әмин!

 

Мұғалім:Қазақстан 21-ғасырға шың жедем жасап иілікті шаңғырулар жолында едәуір імені басты...

Сондықтан елдің да өркені де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ақтар, ер үмітін ел саңшар» демекші, ел үмітін ақтау сендермен өлшелбей, құрметтейі  оқушылар!

 

Баларға: Құрметті ата-аналар, сіздерге сол кезі де келей жетті, балаларыңызға не айтар едіңіздер. (Бір ата-ана сөйлейді). Сөзіңізге, ілтипатыңызға рахмет!

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар сіздерді алда келе келе жатқан мерекеңізбен құттықтап, дөңгелек үстелімізді жинақтауға рұқсат етіңіздер.

Хош сауболыңыздар. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

Уақыт қалса: Ата-аналар, оқушыларға сұрақ.

1) Отбасының қарғасы кім?- әке

2) Үйдегі алтын қазық кім?-ана

3) Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?-ана

4) Үйде кімдер қадірлі?-қонақ, қарт адам, бала

5) Қоғамда кімдер қадірлі?- ұстаз, ата-ана

6) Адамға ақыл беретін кім?-ата-ана, ұстаз, дос

 

Ескерту!

Концерттің бағдарламаның орнына, бірге отырып, сурет салу, сосын оны қорғау. (Ватман,түрлі-түсті фломастер беру)