Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық оқушылардың 48 -пәндер олимпиадасы қорытындыланды
14-03-2010 18:00
Қалалық оқушылардың 48 -пәндер олимпиадасы қорытындыланды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2009 жылдың 21 желтоқсанындағы № 1-18/774 бұйрығы және оқушылардың пәндік олимпиадасын өткізу туралы бұйрығы негізінде 2010 жыл қаңтардың 15,16-жұлдызында № 39 мектепте өткен қалалық пәндер олимпиадасына мектебімізден 28 оқушы қатысып, 4 жүлделі орынға ие болды. Олар: Орыс тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Болатова Салтанат I орын , мұғалімі Оразалина К.Р., Қазақстан тарихы пәні

нен 9 сынып оқушысы Абдыханова Асем II орын, мұғалімі Еңсебаева Қ.С., Қазақстан тарихы пәнінен 11 сынып оқушысы Матаев Қайырбек III орын, мұғалімі Байдолда М.,география пәнінен 8 сынып оқушысы Мелісова Арайлым

III орын мұғалімі Рыспаева М.Ж.

Жалпы қалалық пәндер олимпиадасына қатысқан оқушылардың ішінен орынға ие бола алмаса да жоғары ұпай мен сапа көрсеткіштері жоғары болды деп ағылшын тілі пәнінен 9 б сынып оқушысы Букаева Диананы (62 ұпай), мұғалімі Жаксылыкова Э.Б., биология пәнінен 8 б сынып оқушысы

Мукушева Салтанатты (61 ұпай), мұғалімі Бекмағамбетова Н.С., қазақ тілі пәнінен 9 б сынып оқушысы Аксакова Құралайды (75 ұпай), мұғалімі Оңғарова Г.С., орыс тілі пәнінен Оспантаев Сабыржанды (68 ұпай), мұғалімі Оразалина К.Р. ерекше атап кетуге болады.

Соңғы үш жылдағы жүлделі орындарды сараптасақ, биылғы жылы жүлделі орындар саны кеміп отыр.

2007-2008жыл 2008-2009 жыл 2009-2010 жыл

Қатысқан оқушы саны 21 23 28

Жүлделі орындар саны 4 7 4

Сапа 19 % 30 % 14 %

Жалпы жекелей пәндерден олимпиадаға қатысқан оқушылардың саны мен алған жүлделі орындарды сараптасақ , төмендегідей көрсеткіштен жылда орыс тілі пәнінен (Оразалина К.Р оқушылары), екі жыл Қазақстан тарихынан (Байдолда Мараттың оқушылары) және қазақ тілі пәнінен (Көпеева М.Ж. оқушылары), бір жыл биология пәнінен, биыл география пәніне жүлделі орындар бар.

11 сынып оқушылары Болатова Салтанат пен Матаев Қайырбек наурыз айында өткізілетін

Облыстық оқушылардың пәндер олимпиадасына жолдама алды.

Жылда олимпиадаға қатысып жүрген оқушыларда олимпиадаға қатысу жүйелігі сақталған, олимпиадаға қатысқан 28 оқушының 6 –ы үздік оқитын оқушылар. Сол 6 оқушының 2-і ғана жүлделі орынға ие болып отыр. Дарынды оқушыларды жеке бейімділктеріне орай анықтап, оларды адан ары қарай дамыту білім жүйесінің басты мақсаты болғандықтан, бастауыш сынып пен пән мұғалімдерінің жекелей дарынды балалардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру үшін «Дарынды оқушылардың портфолиясын» құрастыру қажет.

Жұпар Хамитқызы Байболова,

Директордың оқу –ісі бойынша орынбасары