Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білімді ұрпақ-тәуелсіз елдің ұрпағы » бастауыш сынып онкүндігі өтті.
30-11-2017 10:57
«Білімді ұрпақ-тәуелсіз елдің ұрпағы » бастауыш сынып онкүндігі өтті.

         2017-2018 оқу жылының 20-30 қараша аралығында «Білімді ұрпақ-тәуелсіз елдің ұрпағы » бастауыш сынып онкүндігі өтті. Осы аралықта 28-ші қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Шаханова Н.Т. 4 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сөз және оның мағынасы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты.Оқу үрдісінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отыра, әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанда сынып оқушыларының қызығушылығы артып, топпен жұмыс жасауға жұмыла кіріскені, бірлесе жұмыс істегені байқалды. Мысалы тақырыптық түйінді сөздер әдісін қолдануда оқушыларды шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырды. Оқушылар келтірілген сөздердің қайсысы бүгінгі тақырыпқа қатысты екенін дәлелдеді. Өзгелердің жұмыстарын зерделеу оқушыларға бір тапсырманы шешудің түрлі жолдарын көрсетіп , өздерінің мүмкіншілігін кеңейтуге бағыт берді. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде, мұғалім тиімді қолдау көрсете білуге дайын болды.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір ұстаз жадында сақтауы тиіс.