Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
XXI ғасыр көшбасшысы
11-11-2017 12:31
XXI ғасыр көшбасшысы

XXI ғасыр көшбасшысы

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Ендеше, ел болашағы – білімде екені даусыз. Осыған орай мектебімізде бастауыш буынның он күндігі болып өтті. Әр күні түрлі шаралар, ашық сабақтар, сайыстар өз деңгейінде жүргізілді. Соның ішінде 4 – ші сыныптар арасында ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық дарынын ашу барысында XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы болды. Онда оқушылар үш айналымнан тұратын «Бәйге», «Жорға», «Дода» кезеңдерімен таныстырылды. Бірінші кезең «Бәйгеде» барлық сайыскерлерге ортақ оқу бағдарламасынан және бағдарламадан тыс сұрақтар қойылды. Осы кезеңде оқушылар өз білімдерін көрсете білді.
Келесі айналы «Жорға» кезеңінен әр сайыскер ұяшығында 5 сұрақтан тұратын түрлі тақырыптағы сұрақтарға нақты жауаптар алыңды.
Бұл кезеңде 4 «Ә», 4 «В», 4 «Б» сыныбынан қатысқан сайыскерлер білімдерін дәлелдей түсті.
Соңғы айналым «Дода» кезіңде 4 тақырыптан «10», «20», «30», «40», «50» сандары бар ұяшықтарды таңдай отырып, жарыса да қызыға жауап беріп отырды. Осы кезеңдерді бақылап отырған әділқазылар әділ ұпайларын қойып отырды.
Сайыс барысында суырылып алға шыққан 4 «В» сынып оқушысы Дильдабекова Аяулым бас жүлдені қанжығасына байлады. Одан кем түспей, 4 «Ә» сынып оқушысы Орынтай Олжас І-ші орынды жеңіп алса, ІІ-ші орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Байғалы Даниял мен 4 «Б» сынып оқушысы Смагулова Шынар сынды оқушылар иеленді. Ал, 4 «А» сынып оқушылары Сапарбеков Қуаныш пен Камайлянов Ернұр ІІІ-ші орынды алды.
Осы сайыс оқушыларды қанаттандырып, білім әлемінен көп мағлұматтарға қанық болуына септігін тигізді. Ендеше, оқушылардың интелектуалдық қабілеттерін шыңдайтын сайыстар жалғасын тапса игі болар еді. Біз ұстаздар қауымы осындай шәкірттерімізді мақтан етеміз.

№ 19 жалпы орта білім беру мектебінің
4 «В» сынып мұғалімі: Сулеймен Қ. Ш.