Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тәуелсіздік – тұғырым менің»
02-02-2012 06:43
«Тәуелсіздік – тұғырым менің»

«Тәуелсіздік – тұғырым менің»

            - деп ерекше бір сезіммен, еске алып ауыр күрсінген Қамажай Шайкенқызы Сүлейменова Желтоқсан оқиғасының куәгері болған ұлағатты ұстаз. Тарих пәні мұғалімі Шынар Айтпайқызының ұйымдастыруында  8 сынып оқушыларымен «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі» атты кездесу кеші болып өтті. Бүгінгі шаттық өмірдің, бақытты балалықтың орын алуы кешегі Желтоқсан оқиғасының арқасы екендігі белгілі. Сондықтанда оқушылар сол бір кезеңді көзімен көріп, жүрегімен сезінгенұстазға бастарын иіп, алғыстарын айтты.

     Көзіне жас алып, сол күнді есіне ұстаз өз сөзін жалғастырды.      -«Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегені шындық. Тәуелсіздік жолында ата-бабамның рухы, асқақ арманы, ар-намысы жатыр. Тәуелсіздік киелі де, қасиетті ұғым. Тәуелсіздікті аңсап өткен ұлыларымыз бен арыстарымыздың тілегі қабыл болып, Алланың мейір-шапағаты қолдап, осы күнге жеттік. Сан жылдар қасірет шеккен халқымыздың еңсесін түзеп, егемен елдің азаттығын көруге  тағдырдың нәсіп еткені һақ. Сол үшін де біз қазақ халқы Аллаға мың мәртебе салауат айтып жүруіміз керек. Тәуелсіздік бізге не берді десек, оған халқымыздың дана тілінің мәртебесі көтеріліп, мемлекеттік тіл аясы кең қанат жаюында. Жас өрендердің өз тілінде  білім алып, тәрбиеленуі, тіл сындыруы, жастардың      өнерге, білімге, спортқа, мәдениеттік өмірге  деген ынта – жігерлерінің өсуі анық көзге тасталып, жаңа өмірге деген қызығушылықтары артуда. Еліміздің қарыштап өркендеуі , халықтың әл-ауқатының көтерілуі, ілгерлеуі қуанышты жағдай. Егеменді еліміздің ұл қыздары ақылға кемел, ойға жүйрік, білімді, дарынды болып қалыптасса нұр үстіне нұр болар. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойы баршамызға құтты болсын дей келе,

Мың мәртебе тәубе қылам бұл күнге,

Азат болсын халқым менің мәңгіге!» – деп өз сөзін  аяқтады.

            Кездесу барысында оқушылар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық шежіресіне тоқталып кетті. Бүгінгі  әлем таныған қазақ елінің азаматы екендіктерін мақтаныш ететіндерін айтып, туған жер Отан туралы өлеңдер оқыды, сазды құттықтаулар жолдады. Өткенді тарихтан өшіріп тастауға,   өткенді білмей, келешекке нық қадам тастауға болмайтындығын жүректерімен түсінді.

 Ұлжан Үркумбаева, 10 «а» сынып оқушысы.