Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ сәуір айының 10 мен 21 аралығында «Қауіпсіз интернет» ақпараттық науқаны бастау алды. Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата – аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Науқан жалпы мектепішілік жиыннан басталды. Оқушылар ақпараттық науқанның жоспарымен танысты. Осыған байланысты төмендегі іс-шаралар атқарылды.
10-21 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет әлеміне саяхат», «Интернет және біз», «Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
5-9 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында плакат конкурсы және «Интернет менің өмірімде» тақырыбында шығармалар конкурсы ұйымдастырылды.
19 сәуір күні информатика пәнінің мұғалімдері және мектеп психологымен кездесу өткізілді. Тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны», «Интернетке тәуелді оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу».
Информатика пәнінің мұғалімдері Г.А. Аушахманова, Д.Е. Айгужинов оқушыларға Интернеттегі қауіпсіздік жолдарын сақтау, интернеттің пайдасы мен зияны туралы тұсаукесер көрсетілді. «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар әлеуметтік желі туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.
9-11 сынып оқушылары арасынды «Интернетке тәуелділік» туралы мектеп психологы А.Акумбаева оқушыларға баяндама оқып, пікірталас ұйымдастырды. «Интернетке тәуелділік» тақырыбында бейне роллик көрсетілді.
Информатика пәнінің мұғалімі: Аушахманова Г.А.