Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ауған соғысының ардагерлерімен естелік кешi
23-02-2017 10:18
Ауған соғысының ардагерлерімен естелік кешi

7 «А »  сыныбының оқушылары  және     «Мұрағат»  үйірмесінің мүшелері  Ауған соғысының ардагерлерімен «Есте  сақтау  біздің парызымыз» атты  естелік   кешін өткізді.  Кешке  ауған соғысының ардагерлері қатысты. Кештің мақсаты: Оқушыларға ер-азаматтарымыздың  ауған соғысы жылдарындағы ерліктерінен үлгі алып, патриоттық  сезімдерін оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кеш барысында оқушылар ардагерлерге ауған соғысы, достық пен татулық, батылдық пен ерлік жайлы сұрақтар қойды. Ардагерлер ауған  халқы мен сол қанды жылдардағы оқиғалар жайлы қызықты әңгімелер айтып берді. Өткен-кеткен жылдарын еске алып, сыр шертті.  Оқушылар ардагерлер әңгімесін қызыға тыңдап, батылдық пен ерлік, адалдық пен достық жайлы өз пікірлерін қосып кешті қыздыра түсті. Ардагерлер әңгіме барысында ауған соғысына басқа қазақстандықтармен бірге біздің де жерлес жауынгерлеріміздің бар екенін және олардың ерліктері жайлы айтып берді. Олардың аты мәңгі ұмытылмайтынын айтты. Мектеп оқушылары келген қонақтарға мектепте  ҰОС ардагерлеріне  арналған мұражаймен таныстырды. Кеш соңында оқушылар ардагерлерге өлең оқып, ән айтып берді.  Бұл кеш оқушыларға қатты әсер етіп, өз Отанын қорғауға, Отанына адал қызмет етуге, достық пен ынтымақтастықты сақтауға, әрдайым алдыңғы ағаалар сияқты ер азамат болуға бекінді.