Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚОШТАСУҒА ДА КЕЗ КЕЛДІ...
25-05-2016 01:53
ҚОШТАСУҒА ДА КЕЗ КЕЛДІ...
25 мамыр күні мектепте соңғы қоңырау соғылды. Таңертеңнен бастап музыка ойналып, қонақтар, ата – аналар және оқушылар жинала бастады. Жиналған жұрт мерекенің басты кейіпкерлері – 11 «А» сынып түлектерін ду қол шапалақтармен қарсы алды. Осы жылы мектепті 12 оқушы бітіреді.

Мектеп директоры Н.П.Паршукова, оқу – тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.С.Байдильдина құттықтап, ақ жол тіледі. Түлектер бірінші сынып оқушыларын алғашқы оқу жылын бітірумен құттықтап, ақ тілектерін айтты. Оқу үздіктері мақтау қағаздармен марапатталса, мектеп өміріне белсенді қатысқан үшін оқушылар грамотаға ие болды.

IMG-20160525-WA0009 IMG-20160525-WA0012

Соңғы қоңырау соғуды 11 «А» сынып оқушысы Анастасия Сивченко мен 3 «В» сынып оқушысы Е.Литвиноваға тапсырылды.

Бұл күн түлектер үшін әсерлі, қуанышты, әрі өкінішті, өйткені 11 жыл бойы екінші үй боп саналған мектебімен қоштасуға тура келеді. Осы күннен бастап түлектер үшін жаңа өмір басталады.

Барлық оқушылар жақсы демалып

1 қыркүйек күні мектепке оралсын!