Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Наурыз – көктем мерекесі...
23-03-2017 05:17
Наурыз – көктем мерекесі...

Мереке күндері қарсаңында және 22 наурыз күні мектебіміз бейбітшілік және көктем мерекесі – Наурыз мерекесін атап өтті. Наурыз – күн мен түннің теңелу мерекесі, қыс мезгілінен кейін күн ұзарады. Осы уақытта табиғат жанданып, балалардың патриоттылығын тәрбиелеуге, қазақ халқының тарихи және мәдени мұраларын сақтауға бағытталған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Наурыз – көктем мерекесі» мерекелік бағдарламасы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Наурыз мерекесін сүю, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлтаралық қарым – қатынасы мәдениетін тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени мұраларын құрметтеуге, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Мектебімізде «Наурыз» мерекесі үнемі қызықты, әсерлі, салтанатты өтеді.
Мереке қарсаңында мектептің кіре берісі және мәжіліс залы безендірілді. Мерекелік бағдарлама басында Наурыз мерекесіне арналған бейнефильм көрсетілді. Бастауыш пен орта сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры Н.П.Паршукова бар қонақтарды,мұғалімдер мен оқушыларды құттықтап, баршамызға береке, молшылық тіледі.